АУДАНАРАЛЫҚ ОҚЫТУ-СЕМИНАРЛАР БАСТАЛДЫ
АУДАНАРАЛЫҚ ОҚЫТУ-СЕМИНАРЛАР БАСТАЛДЫ
26.02.2020 10:24
317
0

ҚМДБ Павлодар өкілдігінің ұйымдастыруымен имам-молдаларға ауданаралық екі  күндік оқыту-семинары ұйымдастырылуда.  Алғашқы оқыту семинары Шарбақты ауданы орталық «Қызыр» мешітінде жүргізіле бастады. Семинарға Шарбақты ауданымен қоса  көршілес Успен ауданына  қарасты ауыл мешітінің имам-молдалары түгелдей қатысуда. Оқыту-семинардың  басында Шарбақты ауданының имамы Ақжол Исабекұлы, Успен ауданының имамы Мусин Дархандар береке тілеп қысқаша сөйледі.

 Семинарға орталықтан «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ұстазы Рүстемов Дәулетпен,  қалалық «Ақмешіт» мешітінің ұстазы  Абильдаев Рахаттар дәріс беруде.Дәрісте Құран, фиқһ, тәжуид сабақтары өтуде.

 

0 пікір