Аудан ақпараттары
Аудан ақпараттары
28.08.2018 16:47
456
0

Құрбан айттағы көмек

Павлодар қаласының «Ақмешіт» мешіті барша мұсылман қауымның көптен күткен ірі мерекелерінің бірі Құрбан айтта бірнеше игі шаралар жасады. Бұл күндері Аллаһқа арнап құрбандық шалынып, мал сойылды. Мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі болып саналатын ­қайырымдылық істерден де тыс қалмады. Мешітке келуші мүгедек жандар мен мұқтаждарға ас беріліп, ет таратылды. Аз қамтылған отбасыларының мектеп жас балаларына арнайы 25 сөмке, мектеп құралдары және мектеп киім-кешектері берілді. Қайырымдылық жиі жасалған жерде жақсылық бар демекші алдағы уақытта «Ақмешіт» мешітінің атынан игі істерді жасау жоспарлануда.

 

Қасиетті Арафа күніңдегі ауызашар

         Биылғы жылы мұсылмандар үшін қасиетті саналған Арафа күні 20-шы тамызға сәйкес келді. Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде «Ара­фа кү­ні ұс­тал­ған ора­за­ның бұ­рын­ғы жә­не ке­ле­шек­те­гі бір жыл­дық кү­нә­лар­дан арыл­та­ты­ндығына Алладан үміт етемін» - деген. Жыл сайынғы дәстүр бойынша Павлодар қалалық «Әбу Бәкір Сыддық» мешіті Қасиетті Арафа күні жамағатқа ауыз ашар беріп, мешіт жамағатына «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Нұлан Ефратұлы ұстаз «Құрбан шалудың тарихы» тақрыбында уағыз айтып, Құрбан айтқа қатысты сұрақтарға жауап берді.

 

Екібастұз «Мектепке жол»

Екібастұз қалалық мешітінде 27 тамыз күні «Мектепке жол» бағдарламасы бойынша жамағаттың жинаған қаражатымен, жағдайлары төмен отбасылардан шыққан 50 балаға сөмкелер және мектепке оқуға керекті құрал-жабдықтары алынып берілді.

 

Ертістегі Құрбан айт мерекесі

Мұсылманның ұлық мерекесі «Құрбан айт» Ертіс ауданымыздың орталық алаңда жоғары деңгейде өтті. Таң атысымен «Ержан» мешіттінің бас имамы Бақытбек Төлеген жамағатқа тәрбиелік мәні зор уағыз- насихат жүргізіп, кеңес берді. Арнайы айт намазға қатысып келген аудан әкімі Серік Батыргужинов айт мерекесімен құттықтады. Жалғасын Бас имам айт намазын өткізіп, жамағатқа құтпа оқыды. Айт намазы оқылғаннан кейін , халықтың шалатын құрбандықтарына бата жасалды. Елдің азқамтамасыз етілген көп балалы отбасылары мен жалғызбасты жетім- жесірлеріне, қариялар үйіне берілсін деп ел азаматтары «Оразбаев» ШҚ басшысы Сайлау Оразбаев, ағайынды Жұмажан, Әлібек Махметовтар, Мейрман Мусин, Қанат Молдабаев, Арман Әленов, Әмірғали Ахметов, Марат Әленов, Алтынбек Сәдуақасов, Бауыржан Багиенов, Бекболат Мурсалинов, Алтынбек Дюсенбин және Панфилов ауылының тұрғыны құрбанға шалған қойларын орталық мешіт құзырына берді.

         Сағат 11:00де орталық алаңда мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жеке меншік кәсіпкерлері, Марат Қожанов, Жанай Майдан балаларға дастархан мәзәрән, палау ұсынды.Олар: аудандық білім бөлімі, №1 балабақша, аудандық жастар бастамаларын дамыту орталығы және оқушылар үйі қызметкерлері діні бөлек болса да тілегі бір бауырлар мұсылманның ұлық мерекесінде барынша қолдау көрсетіп, бірге тойлады.

         Спорттық шаралар ұсынылды. Қол күрес, гір тасын көтеру,50кг ту қойды көтеру жарысы ұйымдастырылды.

         Орталық алаң сахнасында «Ержан» мешітінің Бас имамы Бақытбек Төлегенұлы ұлық мерекенің мемлекеттік тарапынан қолдау тауып, бірінщі айт күні мемлекеттік мереке болып жарияланғаны Елбасының сындарлы саясатының арқасында бүгінгі күнімізге жетіп отырғанын баяндап, барша мұсылман жұртын ынтымақ пен бірлікке шақырып, мерекелерімен құттықтады.

         Аудан әкімінің орынбасары Жаңбырбай Сағынаев та меркенің ынтымақ, достық, бірлікті насихаттайтын ұлық мереке екеніне тоқталып, жиналғандарды мерекемен құттықтады.

          Спорттық ойындарға қатысқандар да өз шамаларынша сый-сыяпатқа ие болды.

        

 

 

Ауданымыздың қос екі ауылымызда да Иса- Байзақ ауылымен Ағашорын ауылында құрбан айт мейрамдары аталып өтті. Иса-Байзақ ауыл мешітінің имамы Баязитов Даулат пен Ағашорын ауыл мешітінің имамы Какимов Амантай ағаларымыз елге береке-бірлік, халқымызға амандық тілей отырып, айт мейрамдарымен құттықтады. Аталған екі ауылда мерекелік шаралар мен спорттық шаралар жоғарғы деңгейде өткізіліп, мерекеге келген балалардан бастап ел ақсақалдарға дейін сый сыяпаттар беріліп, ақ дастархан жайылды

Қалалық «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінен

Биылғы жылы Павлодар қалалық «Әбу Бәкір Сыддық» мешіті мұсылмандар үшін Қасиетті болып саналатын екі мейрамының бірі Құрбан айтқа дайындықты ертерек бастады. Алдымен мешіт ауласына тазалық жасалып, шөптері орылды. Мешіт ауласына арнайы баннер ілетін қосымша екі тақта орнатылып, «Құрбан айт қабыл болсын» және «Раббын үшін құрбан шал» атты уағыз насихатқа толы баннерлер ілінді. Және де қосымша «Мешіт әдептері» мен «Мұсылманның мұсылман алдындағы алты ақысы» атты баннерлер де қосымша ілінді. 

Биылғы жылы Павлодар қалалық «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінде Құрбан намазы ерекше өтті. Өткен жылғымен салыстырғанда мешітке айт намаз оқу үшін келген жамағаттың саны екі есеге көп болды. Бұл ақпаратты мешітте он жыл бойы намазхан болып жүрген мешіт жамағаты ақсақал да мойындап отыр. Ол кісінің айтуы бойынша осыншама кісіні бұрын сонды намазға келгенің көрмедім деді. «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің бас имамы Біржан Әкімбеков Айт намазынан бұрын 15 минут жиналған жамағатты Құрбан айт мейрамымен құттықтап шалатын Құрбандарын Алла қабыл етсін деп тілегін білдіріп, Құрбан айт туралы уағыз айтты.

Құрбан айт намазы біткен соң мешітке жиналған жамағатқа тегін палау таратылды.

 

Әскери орталық курсанттарымен кездесу

         Тамыз айының 24-і күні Жеңіс аланыңда «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің бас имамы Біржан Әкімбеков Павлодар қаласында орналасқан әскери дайындық орталығында екі ай оқып тәмәмдаған курсанттармен кездесіп, оларға «Дін және Отан» тақрыбында уағыз-насихат айтты.

 

Ақтоғай ауданында Құрбан айт мейрамы

Жылдағыдай Құрбан айт мейрамы Ақтоғай ауданында үлкен қуанышпен мерекеленді. 21-ші тамыз күні таңғы сағат 7.00 де айт намазы оқылды. Жиналған жамағатқа уағыз айтылып, атаулы мерекенің маңызы түсіндірілді. Кейін ауыл тұрғындары құрбандықтарын шалып, мерекені тойлауға кірісті. «Жандарбек» мешітінің имамы А.Қожахметовтың бастауымен мешіт атынан 15-ке жуық құрбан малы шалынып, жағдайы нашар 20 отбасына таратылды. Сонымен қатар Ақтоғай ауылының орталығында мерекелік дастархан жасалып, Құрбан айт мейрамы тойланды. Мерекелік рәсім барысында жиналған ауыл тұрғындарына түрлі ойындар ойнатылды. Ауыл халқы жасалған шараға риза болып, алғыстарын жаудырды.

 

 

 

Ақтоғайдағы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

         Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Қайырымдылық – жақсы қасиет»,- деп өсиет еткен. Адамның адамгершілігі, нағыз шынайы кейпі көрінетін сәті оның қолында дүние-мүліктің көбеюі десек қателеспеспіз. Алл Тағала бізге байлықты да, кедейлікті де сынап береді. Біреуге көп, біреуге аз дүние береді. Алайда, сол берілген ризық-несібені қалай жұмсайтынымыз ол біздің өзімізге байланысты.

         Соған орай елімізде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жүргізіліп жатыр. Аталмыш акция 28-ші тамыз күні «Жандарбек» мешітінің имамы А.Қожахметовтың бастауымен Ақтоғай ауданында ұйымдастырылды. Жергілікті мектеп оқушыларына өздеріне керекті мектеп формалары алынып берілді. Атап айтар болсақ Ақтоғай аудандық «Приреченск» орта білім беру мектебінің оқушысы Жузгембаев Аннурға 33-ші размерлі спорттық костюм әрі 34-ші размерлі спорттық аяқ киім берілді. Аталмыш мектептің тағы бір оқушысы Абдреева Айгерімге бір спорттық костюм және аяқ киім берілді. Сонымен қатар, Ақтоғай аудандық «Абай» орта білім беру мектбінің оқушыларына келесі оқу формалары табысталды: Шаймерденов Алижан мектеп формасы, Омар Нұрғалым спорт киімі, Омар Сұңқар спорт киім.   

  

 

 

 

 

 

 

 

 

0 пікір