«АСЫҚ АТУ» ҰЛТТЫҚ ОЙЫНЫНАН АРНАЙЫ ТУРНИР ӨТКІЗІЛДІ
«АСЫҚ АТУ» ҰЛТТЫҚ  ОЙЫНЫНАН  АРНАЙЫ ТУРНИР ӨТКІЗІЛДІ
20.09.2021 10:13
833
0

Павлодар облыстық «Алтын-Сақа» ұлттық асық ату федерациясы қалалық «Ақмешіт» мешітімен  бірлесіп Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Дін және дәстүр» жобасы аясында   «Асық ату» ұлттық  ойынынан  арнайы турнир өткізді.

Турнирге осы спортпен шұғылданып жүрген шәкірттер мен оны қызықтаушы көрермендер толығымен қатысты.

Аталмыш турнирдің нәтижелі де қызықты өтуі үшін  бірлесіп атсалысқан облыстық «Алтын-Сақа» ұлттық асық ату федерациясының презіиденті Қалибек Қуанұлы мен қалалық «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Қлышев Әбілқайырлар жиналған көрерменге ұлттық асық ату ойыны, оың ерекшеліктері, пайдасы, қызығы туралы тәлімді әңгімелер айтып, барынша насихаттады

Сонымен қатар турнир басталуына қатысқан облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы бұл ойынның ерекше маңызды екендігіне қысқаша тоқтала келе, «Балаларымыздың туған халқының әдет-ғұрыптарын қадірлей білуге, оларды алғырлыққа, шапшаңдыққа баулитын бұл төл ойынымыздың дамуын әркез қолдап жас ұрпақтың оны әрқашан құрметтеуге баулу, олардың ұлттық сана-сезімі, қоғамдық ой -өрісінің жетілуіне үлес қосу біздің адами әрі ата-аналық борышымыз»,-екендігін атап өтті.

Ал өз кезегінде сөз алған облыстық «Алтын-Сақа» ұлттық асық ату федерациясының презіиденті Қалибек Қуанұлы:  «Бабаларымыздың бала кезінен ойнап өскен, оларды мергендікке, дәлдікке, епттілікке, шеберлікке, қайсарлыққа, табандылыққа баулыған бұл ойынның ұрпағымызға берер пайдасы ұшан теңіз. Сондықтан да бұл ойын орта мектепте  спорт пәнінің арнайы бағдарламасына кіргізілді. Алда бұл ойынды кеңінен насихаттауға, сонымен қатар  оқу пәні ретінде сапалы жүргізілуіне, балалар мен жасөспірімдердің қызыға да құлшына ойнайтын ойны болуына, кеңінен дамуына  мүмкіндігінше еңбек ететін боламыз»,- деді.

Қызықты да тартымды өткен  турнир соңында жүлдегерлер арнайы диплом, естелік сый-сияпат, алтын, күміс, қола медельдарға ие болды.

 

0 пікір