АСТАНАДА ҚМДБ ТӨРАЛҚА МƏЖІЛІСІ ӨТТІ (ФОТО)
АСТАНАДА ҚМДБ ТӨРАЛҚА МƏЖІЛІСІ ӨТТІ (ФОТО)
10.10.2018 10:09
226
0
Бүгін Елордада республикалық "Əзірет Сұлтан" мешітінде Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мəжілісі өтті.
 
Мəжіліске ҚМДБ төраға орынбасарлары, Ғұламалар кеңесінің мүшелері, мүфтияттың облыстардағы өкіл имамдары, ҚМДБ бөлім меңгерушілері қатысты.
 
Төралқа мəжілісінде қоғамдағы өзекті діни сауалдарға қатысты пəтуа беру, жаңа ашылған мешіттерге ат қою, деструктивті ағымдармен жүйелі жұмыс жасау, өңірлерде Татуласу орталығын құру, т.б. мəселелер жан-жақты талқыланды.
 
ҚМДБ төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлы мүфтият қызметкерлерінің кезекті есебін тыңдап, нақты тапсырмалар берді. Слнымен қатар, Шариғат және пәтуа бөлімнің жұмысын жандандыру бағытында бірқатар тапсырмалар жүктеді.  
 

 
0 пікір