Астанада «Халал сертификациялау» семинары өтті (ФОТО)
Астанада «Халал сертификациялау» семинары өтті (ФОТО)
10.07.2015 10:57
908
0

Бүгін Астанада «Халал сертификациялау» саласы бойынша арнайы семинар бағдарламасы өтті. Онда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай қажы Өтпенов, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Дұғалов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Діни істері комитеті төрағасының орынбасары Бахытжан Күлекеев және ҚМДБ-ның халал сертификаттау бөлімі меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев пен дін қызметкерлері қатысты. 

Семинар бағдарламасында халал өнімінің діндегі және қоғамдағы орны, халал мен харам ұғымы туралы түсінік беріліп, Ислам қағидасы бойынша мал союдың әдіс-тәсілдері жайы талқыланды. Қазақстан Республикасының Техникалық бақылау тұрғысындағы халал өнімдерінің сапасы бүгінгі күннің негізгі мәсесесіне айналып отыр.  Осы ретте ҚР Техникалық реттеу саласындағы заңнама, техникалық реттеу мемлекеттік жүйесінің заңдық негіздері туралы тұщымды баяндамалар жасалды.

Семинар барысында халал өнімдерін аккредитациялау, өнімнің жарамдылығын растау туралы арнайы дәрістер айтылып, ҚР «Сәйкестендіруге баға беру саласындағы аккредитациялау» Заңы түсіндірілді.  Қазақстан Республикасындағы өнім жарамдылығын растау, халықаралық деңгейдегі сәйкестендіруге баға беру және аккредитациялау, Кедендік Одақтың техникалық регламентіне және ҚР сетификациялау саласындағы нормативтік құжаттарға шолу жасау мәселелері де бүгінгі бағдарламада қамтылды.

0 пікір