АСТАНАДА АУДАН ИМАМДАРЫ АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТУДЕ (ФОТО)
АСТАНАДА АУДАН ИМАМДАРЫ АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТУДЕ (ФОТО)
22.11.2017 11:03
2680
0
muftyat.kz

Астана қаласы «Әлжан ана мешіті» жанындағы имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін көтеру республикалық орталығында оқып жатқан аудан имамдары аттестациядан өтуде.

Аттестация жұмысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев жетекшілік етуде.

Аудан имамдары Құран, хадис ілімдерінен бөлек діни талас-тартыс мәселелері, қолданыстағы заңнамалар мен кодекстер, Қазақстан және әлем тарихы, шешендік өнер, дін қызметкерінің этикасы, Қазақстандағы басқару жүйесі, т.б. сала бойынша тиісті сұрақтарға жауап беруде.

«Бас мүфтиіміз Ержан қажы Малғажыұлы бүгінгі дін қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі мен тәжірибесіне аса көңіл бөлуде. Бүгінгі аттестация мақсаты – дін қызметкерлерінің жан-жақты білім деңгейін айқындап, тиісті жоғары лауазымдарға тағайындау. ҚМДБ жанынан құрылған арнайы комиссия мүшелері имамдардың діни һәм зайырлы білімдеріне тиісті баға беруде. Қажеттілік туындаған жағдайда дін қызметкерлерін қайта оқыту курстарынан өткізу жоспарымызда бар», – деп атап өтті ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғылымбек Жәдігерұлы.

Сұрақтардан сүрінбей өтіп, білімін дәлелдеген дін қызметкерлерінің тізімі кадрлық резервке енеді. Сонымен қатар, «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» жобасына ұсынылады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0 пікір