АРНАЙЫ ДҰҒА БАҒЫШТАЛДЫ
АРНАЙЫ ДҰҒА БАҒЫШТАЛДЫ
31.05.2020 12:41
354
0

31 –мамыр  саяси қуғын-сүргін және ашаршылық  құрбандарын еске алу күніне орай Павлодар өңіріне қарасты мешіттерде  Құран хатым түсіріліп, арнайы дұға жасалды. Бабалар рухына бағышталған  Құран хатым соңында  облыс бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы:

«Өткен ғасырдағы ең қилы кезеңнің бірінде жазықсыз жапа шеккен ата-бабалар рухына тағзым ету, Алладан олардың рухына пана тілеу біздің  мұсылмандық парызымыз. Сол бабалардан дарыған қайсарлық пен төзімділіктің арқасында тарихтың әр кезеңіндегі қатаң сыннан абыроймен өтіп, біртұтас ұлт ретінде бірігіп, мемлекет құрып отырмыз. Тәуелсіздігіміз баянды болып, мұндай нәубеттің  қайталануынан  Жаратушы Алла Тағала өзінің панасына алсын! »,-деді.

 

 

0 пікір