Ақсудағы мәуліт мерекесі
Ақсудағы мәуліт мерекесі
26.12.2016 17:15
574
0

Ақсу қалалық мешітінің Бас имамы Омаров Әбдімүтәліп Жұмәділләұлының ұйымдастырумен мешіт асханасында Мәуліт екі рет аталынап өтілді. 

Желтоқсан айының 11 нен 12 сіне қараған түні кешкісін мешіт жамағатына намазхан бауырларымыздың демеушілігімен,  мәуліт құрметіне дастархан жайылды. Игі шара барысында мешіт наиб имамдары Жомарт Семсарханұлы және Мухамедияров Асхат келген жамағтқа уағыз айтып, пайғамбар өмір тарихынан сұрақ жауап (викторина) ұйымдастырып, артынан сұрақтарға дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар табыстады.

Желтоқсан  22 нен 23 сіне қараған түні кешкісін мешіт жамағатына мешіт атынан мәуліт айының құрметіне дастархан жайылды. Бұл игі шараға мешіт бас имамының шақыртуымен Мәшһүр Жүсіп орталық мештінің наиб имамы Қудабаев Ербол арнайы келді.  Ақсу қалалық мешітінің Бас имамы Омаров Әбдімүтәліп Жұмәділләұлы келген  жамағтты  мәулітпен құттықтап, уағыз насихат  айтты. Содан кейін, орталық мешітінің наиб имамы Қудабаев Ербол мәліт оқып артынан мәуліттің діндегі орны жайында уағыз жүргізді.   

0 пікір