Ақсудағы мәуліт мерекесі
Ақсудағы мәуліт мерекесі
06.12.2018 16:00
530
0

Бүгін 06 желтоқсан күні Ақсу қалалық Сәбит Дөненетаев атындағы мәдениет сарайында Ақсу қалалық мешітінің ұйымдастыруымен Мәулітке арналған мерекелік іс шара ұйымдастырылды. Шара басында ауданның бас имамы Омаров Әбдімүтәли Алла Елшісінің (с.ғ.с) өнегелі де ғибратты өмірі туралы кең көлемде уағыз-насихат айтып, аудан халқы, мешіт жамағатын осынау айтулы күнмен құттықтады. Келесі кезекте өңіріміздің өнерлі жастары Пайғамбар (с.ғ.с) -ымызға салауат айтып, мәнерлеп әртүрлі хадистер оқып, өлшеулі өмір, ана туралы иләһи әндер шырқап көрермен қауымды тәнті етті.

Мәуліт құрметіне арналған әсерлі  кештің берер тәлімі мол болды.

 

Ақсу қалалық мешіті

0 пікір