АҚСУДА ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ ЕРЕКШЕ АТАЛЫП ӨТТІ
АҚСУДА ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ ЕРЕКШЕ АТАЛЫП ӨТТІ
14.08.2019 14:05
1419
0

11 тамыз күні Қасиетті Құрбан мерекесі  қалалық мешіттің алаңында аталып өтті. Таңғы сағат 7. 00-де Айт намазы оқылды.

   Қасиетті Құрбан айт мейрамы – ислам дініндегі ең ұлық мерекелердің бірі. Барша мұсылман әлемі осы мерекені барынша сән-салтанатымен атап өтуге тырысады.  Құрбан айт күні мешітке таң намазынан бастап жамағат келе бастады. Айт мерекесі Қасиетті Құран Кәрім аяттарымен басталып, бас имам Әбдімүтәліп Омаров жиналған жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтап, уағыз-насихат айтты.

         Бұдан соң мереке басталды. Мешіт алаңында  балалар мен  ересектерге арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Онда батут орнатылып, арқан тарту, асық ойындары, қой  көтеру мен қол күресінен жарыстар өтті. Сондай-ақ, ақсақалдарға дастархан жайылып,  тұрғындарға палау мен шай таратылады.

         Қорытындысында қазақ күресінен І орынды Асхат Окенов, ІІ орынды Берік Сарурбеков, ІІІ орынды Сабыржан Қабиденов иеленді. Асық атудан І орынды Әділ Мұрат, ІІ орынды  Ұлжыма Қапбас, ІІІ орынды Абдулла Қоспақ қанжығасына байлады.  Қой көтеруден Нұртуған План жеңіске жетті. Арқан тартуда  Үштерек ауылының командасы  І орынды иеленсе, ІІ орынды Мәмәйіт Омаров ауылының командасы  місе тұтты. Барлығына мадақтама мен ақшалай сыйлық табыс етілді. Барлығына мадақтама мен ақшалай сыйлық табыс етілді.

Арнайы дастархан жайылды

         Құрбан айт күні Ақсу қаласы мешітінің бас имамы Әбдімүтәліп Омаровтың ұйымдастыруымен мешіт асханасында жағдайы төмен отбасыларға арнап дастархан жайылды. Сондай-ақ, осы отбасыларға  ет, басқа да азық-түлік  таратылып берілді. Балаларына Құрбан айт құтты болсын! –деген  ішінде тәттілер бар пакет  таратылды.

 

Ақсу мешіті

 

 

 

0 пікір