Ақсуда мешіттер арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды
Ақсуда мешіттер арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды
11.11.2019 09:41
285
0

9 қазан күні Ақсу қалалық мешітінің ұйымдастырумен облыс мешіттерінің жамағаты арасында футболдан жарыс өтті. Командалар ауыспалы кубокты сарапқа салды.

Шараны ұйымдастырудағы мақсат – жамағаттың бірлігін нығайту, толеранттылық пен патриоттық сезімдерін арттыру, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Доп додасына барлығы  16 команда команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Павлодар қалалық «Ғазиз» мешітінің командасы бірінші орынды иеленді. Екінші орын Екібастұз қалалық мешітіне бұйырды. Үшінші орын Ақтоғай аудандық мешітінің еншісіне тиді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен және громаталар марапатталды.

 

Ақсу қалалық мешіті

0 пікір