АҚСУДА АЛҒАШ РЕТ ХАЛАЛ ДҮКЕН АШЫЛДЫ
АҚСУДА АЛҒАШ РЕТ  ХАЛАЛ ДҮКЕН АШЫЛДЫ
18.12.2020 22:32
2534
0

Арнайы талаптар бойынша сараптамадан өткен  Павлодар облысы, Ақсу қаласындағы «АқНиет» ет дүкеніне ҚМДБ, «Халал Даму» сертификаты берілді. Бұл дүкен Ақсу қаласы бойынша алғаш ашылып отырған халал ет өнімдерін сататын дүкен болып табылады. Дүкеннің халал өнімдер сату сеніміне ие болуына орай облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы, Ақсу ауданының бас имамы Әбдімүтәліп Жұмаділлаұлы арнай барып, ресми түрде тұсаукесер жасап, қасиетті дініміздің талаптарына сай халыққа қалтқысыз  ақ-адал қызмет көрсетуіне тілек білдірді.

«Малды шариғат талабына сай союдың қыр-сырын семинар-тренингтер бойынша меңгерген екі қасапшы дүкенге бекітіліп, олар малды өздері сойып, мүшелеп әкеліп өткізіп тұратын болды. Облыстағы  мамандар және «Халал Даму» өкілдері дүкеннің қызметін  тұрақты қадағалап отырады. Сонымен қатар бұл дүкенде  ҚМДБ «Халал Даму»-дың сертификатын алған шұжық өнімдері және облысымыздағы «Қызылжар-Құс» фабрикасының өнімдері де сатылады. «Қызылжар-Құс» фабрикасы да «Халал Даму» сертификатына ие болған, сондықтан да «Ақ Ниет» дүкенінің сенімді серіктесі деп тануға әбден болады»,-дейді облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы.

 

0 пікір