Ақсу мешітнің ақпарлары
Ақсу мешітнің ақпарлары
12.06.2018 16:02
195
0

Сәресіде береке бар

Ақсу қалалық мешіті бас имамының ұйымдастырумен рамазан айының әр күнінде мешіт жамағатына сәресі берілуде.Оразада сәресіге айрықша мән беріледі. Тіпті сәресінің мөлшері де, оны тастамау да хадиспен бекітілген. Әбу Сағид Худрий (р.а.) жеткізген хадис­те: «Сәресі – берекелі ас. Оны тастаушы болмаңдар. Тіпті, бір жұтым су ішсеңдер де…» деген. Ал ең абзал сәресі Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Мұсылманның сәресісі болған құрма неткен тамаша» деп айтылған. Демек, сәресіде құрма жеу де абзал амалдар қатарына жатады. «Сәре тамағы – мүбәрәк. Сәренің толығы береке. Бір жұтым су үшін болса да, сәреге тұрыңдар. Алла Тағала сәреге тұрғандарды кешіреді, періштелер оларға дұға етеді» деген де бар.

Жазғы діни сауат ашу курсы

Ақсу қалалық мештінің ұйымдастыруымен мешіті жанынан балаларға арналған  жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастап кетті.

Бүгінде сауат ашу курсында тәлім алып жатқан 30 жеткіншектің 20-ы ер бала,10-ы қыз бала. Мешіт ұстаздары балаларға ахлақ (әдеп), қысқа сүрелер мен дұғаларды үйретуде.

Хатым жасалды

Ақсу қалалық  мешітінің діни сауат ашу курсының ұстазының   ұйымдастыруымен  қасиетті Рамазан айы басталған алғашқы күннен бастап аталмыш мешіттің дініи сауат ашу курсының 20 әйел шәкірті бірлесіп қасиетті Құран Кәрімді  толығымен хатым етті. Рамазан айының 25 күні шәкірттер Құран Кәрімнің 30 пара сүресін толығымен хатым етіп бітіруіне орай Алла Тағаладан елімізге тыныштық, Елбасына туралық,  халқымызға амандық, дінімізге береке, әрбір отбасына баянды бақыт тілеп, дұға жасады.

Қадір түнінде тарауих намазында хатым жасалды

Рамазан айында Құранды бастан аяқ оқып хатым ету, сауабы мол сүннет амалына жатады. Олай болса, Құран оқудың өзі намаз, ораза секілді жеке ғибадатқа жатады. Міне, сол ғибадаттан Қасиетті Рамазан айында Ақсу қалалық мешітінде тарауық  намазында Құран Хатым оқылып қадыр түнінде аяқталды. Ораза кезіндегі оқылған Құран Хатым сауабы шексіз екені белгілі. Осы айды сағына күткен жамағатымыз тарауық  намазына белсене қатысып, намаз соныңда тарауық  намазын жүргізген Таха Бадауи есімді қаримыз хатымның дұғасын оқып,  мешіт имамы Әбдімүтәліб Жұмаділләұлы қадыр түніне келген жамағтқа уағыз айтты.

Ақсу қалалық мешіті

 

 

 

 

0 пікір