АҚСУ МЕШІТІ 150 ОҚУШЫҒА КӨМЕКТЕСТІ
АҚСУ МЕШІТІ 150 ОҚУШЫҒА КӨМЕКТЕСТІ
31.08.2021 11:09
316
0

Ақсу қалалық мешітінің ұйымдастыруымен биылғы «Мектепке жол» науқаны аясында мұқтаж отбасыларда тәрбиеленіп жатқан  150-ге жуық мектеп оқушысын   сұраныстарына байланысты мектеп формасы, сумка, канцелериялық тауарлар, аяқ киім т.б қажетті құралдармен қанымдады. Бас имам Омаров Әббдімүтәліптің айтуынша 40 шақты балаға мектеп формасы, 120 балаға сумка, дәптер, қарындаш т.б. қажетті  оқу құралдары, ал 30 шақты балаға аяқкиім алып берілді. Бұл игі де сауапты шараға жалпы 1,5 млн. көлемінде қаражат жұмсалған.

«Біздің болашағымыздың кепілі – білімді ұрпақ. Ал баланың жастайынан білімді, алғыр болуы үшін ата-анасы мен ұстазының тәлімінен бөлек, материалдық жағдайының да жақсы болғаны маңызды. Сол себепті жыл сайынғы игі іс-шараға биыл да үлесімізді қосып, Ақсу қалалық мешіті  аудан орталығындағы көпбалалы және жағдайы төмен отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына сый жасап отыр. Оқуға қажетті барлық құрал-жабдықтарды сатып алып, акцияға демеушілік жасаған жомарт жандарған шексіз алғысымызды білдіреміз. Алла разы болсын!»,-дейді бас имам Әбдімүтәліп Жұмаділләұлы.

 

0 пікір