Ақсу, Екібастұз қалаларында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды (ФОТО)
Ақсу, Екібастұз қалаларында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды (ФОТО)
30.08.2019 11:14
651
0

Ақсу қаласы мешітінің бас имамы Әбдімүтәліп Омаровтың ұйымдастыруымен  қаладағы №1, №2 мектептің әлеуметтік тұрғыдан аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына көмек көрсетті. Атап айтар болсақ,  15 балаға мектеп формасы, 15 балаға қалам, қарындаш, дәптер мен өзге де құрал-жабдықтар салынған арнайы сөмкелер табысталды. 

 

 

Екібастұз қалалық мешітінде 25 тамыз күні «Мектепке жол» бағдарламасы бойынша жамағаттың жинаған 260 000 теңге қаражатымен, көпбалалы мұқтаж отбасылардың бірінші сыныпқа баратын 65 баласына сөмкелер және мектепке оқуға керекті құрал-жабдықтары берілді.

 

0 пікір