Аққулыдағы Құрбан Айт
Аққулыдағы Құрбан Айт
14.08.2019 14:50
538
0

Аққулы ауданы мешіттерінде Құрбан Айт мейрамы жыл-жылдағыдай мерекелік көңіл күйде, әртүрлі мәдени-спорттық шаралармен аталып өтті.

Аудандық «Ғабдул Уақит хазірет» мешітінің ауласында Құрбан Айт құрметіне  қазақша күрес, гир тасын көтеру, артқан тарту, балалар  арасында да қазақша күрес ұйымдастырылды. Айт мерекесіне келген барлық  балаларға тегін балмұздақтар мен сыйлықтар берілді. Спорттық шарадан жүлделі орын алғандарға марапат хаты,  ақшалай сыйлықтар берілді. Мешіт  ауласында жиналған халыққа палау тола дастархан жайылып, қымыз ұсынылды.

 

 

«Ғабдул Уақит хазірет» мешіті

0 пікір