«АҚМЕШІТТЕГІ» «ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!»
«АҚМЕШІТТЕГІ» «ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!»
13.03.2020 13:19
841
0

Павлодар қалалық "Ақмешіт" мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен "ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ"  атты мерекелік кеш өткізілді. Сонымен қатар алғыс айту күніне орай шәкірттер Алланың жолында білім алып жүргендеріне шүкіршілік ретінде бір-біріне алғыс айтып, сыйлық сыйлады;

"Дін және дәстүр" бойынша сұрақтар қойылып, "Бірлік пен ынтымақты сақтау" тақырыбында уағыз айтылды.

Қасиетті Құранның Әли Имран сүресі,103 аятында: "Барлығың бірдей Алланың жібіне (дініне)жабысыңдар! Бөлінбеңдер! Сондай- ақ Алланың сендерге нәсіп еткен нығметін еске алыңдар!(Өйткені сендер бір-бірлеріңе дұшпан жандар едіңдер!(Бірақ) Алла жүректеріңді біріктіріп,соның саясында бір-бірлеріңе бауыр болдыңдар",-дейді.

Мерекелік кеш соңында ақжаулықты анамыздың батасын алып тарқасты.

 

0 пікір