«Ақмешітте» имамдар форумында қабылданған құжаттар түсіндірілді
«Ақмешітте» имамдар форумында қабылданған құжаттар түсіндірілді
06.11.2019 14:42
173
0

Нұр-Сұлтан қаласында өткен ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «Дін қызметкерлерінің атқаратын діни рәсімдері тізілімі», «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі және міндеттер», «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы» құжаттарын таныстыру мақсатында Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешітінде жиын өткізілді. Оған мешітке қарасты аудан, ауыл мешіттерінің имам-молдалары мен «Ақмешіт» мешітінің кезекші молдалары шақырылды.

Бірінші кезекте ҚМДБ бекіткен құжаттар таныстырылса, одан кейін дін қызметкерлерінің міндеттері мен қызметтері туралы айтылды. Сонымен қатар, «Ақмешіт» мешітіне қарасты мешіттердің имам-молдаларына соңғы жиналыста берілген тапсырмалары талқыланды.

«Ақмешіт» мешітінің бас имамы Әбілқайыр Қазыбекұлы бұқаралық ақпарат құралдарымен тікелей байланыс орнатып, мақалалар жариялау мәселесіне тоқталып өтті.

Сондай-ақ, басимам пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) дүниеге келген Мәулет мерекесін жоғары деңгейде ұйымдастыру керектігін еске салды.

Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешіті

0 пікір