«Ақмешітте» әйел-қыздарға семинар ұйымдастырылды
«Ақмешітте» әйел-қыздарға семинар ұйымдастырылды
13.11.2019 20:35
376
0

Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры Гүлназ Раздықованың қатысуымен «Ақмешіт» мешітінің жанында орналасқан әйелдер-қыздар медресесінде «Дiнге сенуші әйелдер арасында діни фанатизмнің алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты – мұсылман жас қыз-келіншектерді радикалды жат ағымның торынан сақтау, қауіптің алдын алу. «Ақмешіт» мешітінің Әйелдер-қыздар секторына жауапты ұстаз Қалдыгүл Белесқызының ұйымдастыруымен өткізілген шараға жас қыздармен қоса, ақ жаулықты апалар да арнайы келіп қатысты.

Гүлназ Мақсұтқызының айтуынша, «Павлодар облысы бойынша 8 әр түрді діни бағыт өкілдіктері тіркелген. Олар: ислам, рим-католиктер, православ, иудаизм, Адвент, баптист т.б. Әр діни бағыттың ұстанымдары әр түрлі. Мақсаттары бір болғанымен көзқарастары өзгеше болып келеді.

Сонымен бірге орталық директоры діни мағлұмат алуда сырттан, бөгде дүкендерден діни кітаптар алып немесе интернет жүйесінде таратылып жатқан діни мағлұматтардан сақ болу керектігін ескертті.

«...Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекіткен мешіт имамдары мен ұстаздарынан ғана діни мағлұмат алу қажет. Дәстүрлі дінімізді сақтап қалып, өзге ағымнің қармағына түсіп қалмау мақсатында арнайы мешіт жанынан медреселер ашылуда...», – деді Гүлназ Раздықова.

Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешіті

0 пікір