«Ақмешіт» мешітінің жазғы сауат ашу курсы
«Ақмешіт» мешітінің жазғы сауат ашу курсы
25.06.2019 15:50
1365
0

 Қалалық «Ақмешіт» мектеп жасының балаларына  маусым айында жазғы сауат ашу курсы өткізіледі. Биыл 6-13 жас аралығындағы 4 қыз, 16 ұл барлығы 20 бала білім алды. Жазғы сауат ашу курсына жауапты мешіт ұстаздары Қуаныш Рүстемұлы мен Ардақ Мұратқызы Құран әліппесі, Тәжуйд, Ахлақ сабақтарымен бірге тәрбие сағаттарын, Ислам тарихына шолу сабақтарын өткізді. Сонымен бірге балалар футбол, волейбол спорттық ойындарын ойнап, саябақта серуендеп, мұражайларды тамашалады. Курс соңында әр балаға сыйлық пен сертификат табыс етіліп, көңілерінен шықты.

 

«Ақмешіт» мешіті 

0 пікір