«АҚМЕШІТ» МЕШІТІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
«АҚМЕШІТ»  МЕШІТІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
19.06.2020 16:06
381
0

1. Өмірдің бір қызығы бала деген!

Павлодар қалалық Ақмешіт мешітінің "Әйел - қыздар секторы" ұйымдастыруымен қаладағы "Сәбилер үйінің" балаларына ойыншықтар таратылды.

Алла елшісінің (с.ғ.с.) балаларға деген сүйіспеншілігі алабөтен еді.Он жыл қызметінде болған Әнәс (р.а.) былай дейді: «Бала-шағасына Пайғамбарымыздан артық мейірімді жанды көрмедім»

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде былай деген: «Балаларыңды көп сүйіңдер. Себебі, сүйген сайын жаннатта бір дәреже беріледі. Әрбір дәреженің ара қашықтығы бес жүз жыл. Періштелер әр сүйгендеріңді санап, жазып отырады».

Бір күні Алла елшісі (с.ғ.с.) немересі Хасанды өбектеп, сүйгіштеп отырғанда, қасына келген Ақра ибн Хабис: «Ойпырым-ай, менің бір емес он балам бар, ешқайсысын әлі күнге басынан сипап, маңдайынан сүйген емеспін», – дейді таңданып. Сонда Пайғамбарымыз: «Сен басқаларға мейірімділік танытпасаң, Алла да саған мейірімділік көрсетпейді»,- деген мағынада жауап қатады.

 

 

2.Қалалық "Ақмешіт" мешітінің  "Діни сауат ашу" орталығына тазалық жұмыстары жүргізілді: ақтау-сырлау, пенделерге жөндеу жасалды,  сөрелерге кітаптар қойылды, есік алдына  гүлдер отырғызылды.

"Тазалық- иманның жартысы" осы игі шараға ер және әйел шәкірттер белсене атсалысты.

 

0 пікір