«АҚМЕШІТ» МЕШІТІНІҢ ИМАМЫ АУЫСТЫ
«АҚМЕШІТ» МЕШІТІНІҢ ИМАМЫ АУЫСТЫ
06.09.2019 15:38
1372
0

Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешітінің имамы ауысты. Бүгін Жұма намазында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Жолдас қажы Қоспақұлы жаңа имамды мешіт жамағаты мен ұжымына таныстырды.

«Ақмешіт» мешітін екі жылға жуық басқарған Нұрлан Евфратұлы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Нұр-Астана» мешітіне наиб-имам болып ауысты. Ал оның орнына Бас Мүфтидің бұйрығымен «Ақмешіт» мешітінде ұзақ жылдар бойы наиб-имам қызметін атқарған Әбілқайыр Қазыбекұлы тағайындалды.

Жолдас қажы Қоспақұлы Елордаға ауысқан Нұрлан Ефратұлына атқарған қызметі үшін ризашылығын білдіріп, Алғыс хат табыс етті. Иығына шапан жапты.

Сондай-ақ ол жаңа имам Әбілқайыр Қазыбекұлының алдағы жұмысына сәттілік тілеп, маңыз бөлуге тиіс бағыттарды атады.

Әбілқайыр Қазыбекұлы Қылышев 1984 жылы 15 қыркүйекте дүниеге келген. Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі. 2005-2007 жылдары Мысыр елінде білімін жетілдірген. Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінде қызмет атқарған. 2008-2013 жылдар аралығында Павлодар қаласындағы Әбу-Бәкір Сыддық мешітінің имамы болып еңбек етті. 2013 жылдан бастап «Ақмешіт» мешітінде жұмыс істеп келеді.

Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің баспасөз қызметі

  

0 пікір