«Ақмешіт» мешітінде жөндеу жұмыстары жүргізілді
«Ақмешіт» мешітінде жөндеу жұмыстары жүргізілді
05.12.2019 14:06
1034
0

Қыс мезгіліне дайындық мақсатында Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешітінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мешіт ғимаратының ескіргеніне байланысты жертөле, жылу жүйелеріне күрделі жөндеу жасау керек болды. Ғимаратты жылыту үшін еден астынан жылытылатын құбырлар тартылып, тазарту жұмыстары қолға алынды. Шамамен бұл жұмыстарға 400 000 теңге жұмсалды.

«Ақмешіт» мешіті қаламыздың көне ескерткіштерінің бірі болғандықтан, оның сыртқы көрік-келбеті де тартымды болуы керек. Осы орайда, мешіттің қасбетіне маңдайша жасалып, оған мешіт атауы жазылған жазба ілінді. Мешіт демеушісі Алла разылығы үшін 300 000 теңге төлеп, қол ұшын созды.

Сонымен бірге мешітке арнайы дыбыс күшейткіш жабдықтары (аппаратура) жаңадан орнатылды. Дыбыс күшейткішке толық жинағымен 500 000 теңге жұмсалды.

Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешіті

0 пікір