«Ақмешіт» мешіті-тарихи ғибадат орны
«Ақмешіт» мешіті-тарихи ғибадат орны
11.09.2018 10:53
2018
0

Павлодар қаласындағы  ең көрікті, мақтанышқа толы, ислами-діни орындардың бірі «Ақмешіт» мешіті.  Мешітке қала қонақтары мен дін жанашырлары  көптеп келеді. Оның ішінде өзге ұлттың жастары арасынан ислам дінін қабылдап, арабша оқығысы келетіндер де  жиі кездеседі.

Мешіт 1905 жылы алғаш салынған. Міне, бір ғасырдан астам уақыт өткендіктен оның алғашқы нұсқасын, көрікті келбетін сақтап қалу тарих үшін аса маңызды.  Сондықтан да мешіт имамдары  жыл сайын жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ғимаратты мүмкіндігінше жаңартып отыруға тырысуда.

Биыл да «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Қайрбеков Нұрлан Евфратұлы, қала әкімінің қолдауымен қажетті жол жөндеу көліктері беріліп, мешіт маңындыға тас жолды жаңалап  құйғызды. Сонымен қатар мешіт ғимаратының сырт келбетін, күмбезін жөндеу жұмыстарына қаражат жинап, қалпына келтіру, жаңарту жұмыстарына кірісуде. Алдағы уақытта мешіт жанындағы қосымша ғимараттарды да жөндеу жоспарлануда. 

 

 

Қалалық «Ақмешіт» мешіті

0 пікір