«Ақмешіт» мешіті Құрбан Айт қарсаңында
«Ақмешіт» мешіті Құрбан Айт қарсаңында
08.08.2019 15:40
441
0

Мұсылман қауымның ең ұлық мерекелерінің бірі – Құрбан айт мерекесінің қарсаңында қалалық «Ақмешіт» мешітінде ауыл имамдары мен наиб имамдар арасында жиналыс өткізілді. Алдымен қатарымызға қосылған жаңа дін қызметшілері таныстырылды.  

Келесі кезекте  шариғат бойынша құрбан шалудың тәртібін жүзеге асыру туралы айтылды. Бас имам Нұрлан Евфратұлы «Ақмешіт» мешітінің атынан ҚМДБ «Халал даму»  семинарына 10 адам қатысып, сертификат алғанын,  құрбан айт мерекесі қарсаңында  қайырымдылық, зекет жұмыстарын белсенді өткізу керектігі ескертілді. Сондай-ақ Құрбан айт мерекесін дәстүрлі іс-шаралармен жаңғарту тапсырмасы жүктелді.

Сонымен бірге діни оқу орындарына шәкірттер дайындау, имамдардың діни біліктілігін арттыру курстарына қатысу мәселелері талқыланып, ағымдармен жүргізілген жұмыс, жастармен жұмыс, әйелдер-қыздар арасында атқарылған жұмыстың есебі тыңдалды.

 

«Ақмешіт» мешіті 

0 пікір