«Ақмешіт» мешіті Мәулітті мерекеледі
«Ақмешіт» мешіті Мәулітті мерекеледі
25.11.2019 16:15
1275
0

Мәулітті атап өту – абзал амалдың бірі. Себебі, Мәуліт Пайғамбарға (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілік пен қуаныштың айрықша көрінісі. Ал Пайғамбарды (с.ғ.с.) жақсы көру – иман негіздерінің бірі.

Осыған орай «Ақмешіт» мешітінің жанынан ашылған әйел-қыздар діни сауат ашу курсының шәкірттері арасында«Екі дүние сардары»деген тақырыптаМәуліт кеші ұйымдастырылды. Мерекелік кеште Қасиетті Құран оқылып, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жайлы мадақ өлеңдер мен жырлар, салауаттар, хадистер айтылды. Сонымен бірге Пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірбаянына қатысты сұрақ-жауап викториналары және өмірінен үзінді видео көрсетілді. Шәкірттер арасында арнайы қойылған көріністер де келуші көрермендердің көңілдернен шықты.

Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешіті

0 пікір