«Ақмешіт» мешіті жастармен жұмыс жүргізуде
«Ақмешіт» мешіті жастармен жұмыс жүргізуде
15.10.2019 07:12
400
0

Биылғы жыл Қазақстанның болашағына нық қадам басатын жастар жылы болғандықтан, мешіт ұстаздары жастарға ерекше көңіл бөлуде. Оларды діни білім мен рухани тұрғыдан сусындауымен қатар, тәрбиелік мәні зор шаралар өткізілуде.

«Ақмешіт» мешітінің бас имамы Әбілқайыр Қазбекұлының қолдауымен Жаңауыл ауылында тұратын жалғызбасты әжеге көмек берілді. Мешіттің ер шәкірттері мен Әйелдер-қыздар секторының шәкірттері бірігіп жалғыз асты ананың үйін жинап, ауласын тазалап, азық-түлік пен қаржылай көмек көрсетті. Сонымен бірге үйіне мешіт атынан екі кілем төселді.

Тәрбиелік жағынан шәкірттерді бір-біріне жақындастырып, жанашырлық, сыпайылық қасиеттерін тудыру, дінге, исламға деген махаббаттарын ояту мақсатында қайырымдылық, тазалық шаралар жиі өткізілуде. Рахат Әбілдаев ұстаздың ұйымдастыруымен «Ақмешіт» мешітінің медресесі маңында сеңбілік шарасы өткізілді. Тазалық шарасы жастар арасында футбол ойынымен жалғасын тапты.

Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешіті

0 пікір