АҚИРЕТТІК ЖӘНЕ ДҮНИЕЛІК ПАЙДАҢЫЗ ҮШІН
АҚИРЕТТІК ЖӘНЕ ДҮНИЕЛІК ПАЙДАҢЫЗ ҮШІН
28.03.2020 08:26
441
69

Павлодар облысының бас имамы Жолас Қоспақұлы облыстық «Халық радиосы»-ның тікелей эфирде жүрілетін «Руханият» бағдарламасына қатысты. Бас имам бағдарлама арқылы бүгінгі таңдағы адамзатты алаңдатып отырған короновирус туралы тілге тиек етіп, халықты сабырлылыққа,  үйде отыруға және үкіметтен беріліп жатқан нұсқауларды орындау туралы тілге тиек етті.

Сонымен қатар дәл қазір Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен ұйымдастырылып іске асып жатқан «Жүрек жылуы» қайырымдылық науқаны туралы түсіндіріп, осы сауапты іске үлес қосуға шақырды.

 Сөз соңында бас имам: Қиындықтан кейін міндетті түрде жеңілдік бар. Қараңғы түн артынан күлімдеп күн шығарын, қыстың қатты аязынан соң жадырап жаз келерін де ескеріңіз. Бұл ақиқат туралы қасиетті Құранның «Инширах» сүресінде: «Демек, әрбір қиындықпен бірге, сөзсіз, жеңілдік бар», «Иә, рас, әрбір қиындықпен бірге жеңілдік бар»,-деген.Иманды да ақылды адам әрбір сәтін ақиреті мен дүниесінің пайдасына шешеді. Ендеше сіз де қазіргі ауыртпалық, қиындық сәттердің  өзін ақиреттік және дүниелік пайдаңыз үшін қолдануға тырысыңыз деді.

 

69 пікір