«АҚБАЛЫҚ ХАЗІРЕТ» АТЫНДА ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ
«АҚБАЛЫҚ ХАЗІРЕТ» АТЫНДА ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ
12.07.2019 14:39
1742
0

10 шілде күні Павлодар облысы Май ауданы Көктөбе ауылында Ақбалық хазрет атындағы Құранды мәнерлеп оқудан облыстық сайыс өтті. Бұл шара Май аудандық Мәдениет бөлімінің бастамасы және облыстық өкіл имамның қолдауымен ұйымдастырылды.

Ақбалық хазреттің (1833 - 1918) азан шақырып қойған есімі Әбділдә екен. Ол – Бытаның алты баласының кенжесі. 20 жасында Ташкенттің медресесіне оқуға түсіп, онда 3 жыл білім алған. Білімін Бұхара медресесінде шамамен 21 жылдай жалғастырып, 44 жасында ғалым атағына ие болады. Бұхарада 2 – 3 жыл қызмет етіп, сұранып елге оралады. Бестаудың жанындағы Сарытауда (Май ауданында орналасқан) мешіт – медресе салдырып, сол өңірдегі ауылдардың балаларын оқытады. Елге ислам дінін жайып, имандылықты уағыздайды. 1905 жылы ақ патшаға қарсы мұсылманның туын көтеріп, оларды біріктіру туралы уағыз айтқан. 1916 жылы 83 жастағы Ақбалық хазрет былай депті: «Түс көрдім. Ишалла, қазақ азаматтары әскерге алынудан аман қалар. Әлихан Алаштың қамын жеп жүр ғой». Көрнекті діни қайраткер Әбділдә Бытаұлы – Ақбалық хазреттің атындағы Құранды мәнерлеп оқудан облыстық сайысы осымен екінші мәрте өтіп отыр.

 Жиынды Май ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөнінднгі орынбасары Құсайынова Мәдина Қапзайтқызы құттықтау сөзімен ашты. Облыстық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің найб имамы Кабаев Қанат Қабдікәрімұлыжиналған аудан тұрғындарымен мешіт жамағатына уағыз айтты. Аталмыш сайысқа білімін сынау үшін Ақмешіт, Аққулы, Ақсу, Ақтоғай, Әбубәкір Сыддық, Баянауыл, Бижан, Ғазиз, Екібастұз, Ертіс, Железин, Мәшһүр Жүсіп, Тереңкөл, Успен, Шарбақты мешіттерінің отыз жасқа дейінгі шәкірттері мен намазхан жамағаттары шақырылды. Сайыскерлердің мықтылығын анықтау үшін «Мәшһүр Жүсіп» атындағы қарилар орталығынан қазылар белгіленді. Олар:

 Жумалинов Манас Айдарұлы - «Мәшһүр Жүсіп» Кұран жаттау орталыгының директоры.

Харун Аяз - «Мәшһүр Жүсіп»  Кұран жаттау орталыгының ұстазы. Қазылар алқасының төрағасы болып Кабаев Қанат Қабдікәрімұлы - Облыстық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің найб имамы сайланды.

Ата – анасымен ұстаздарының үмітін арқалай келген Ислам мен Мұхаммед Серікұлдары, Айтқазы Абдулла, Болатов Нұрболат, Амралиев Ержан Рашитұлы, Жүсіпов Ислам Бейсенұлы, Исламбек Асылхан, Ғабдылманапов Мадияр Даулатұлы, Алимбеков Бауыржан Шухратұлы, Еркіндік Ақарыс, Тлеубердинов Алибек, Хайрол Нұрахмет, Қайыр Абзал Естайұлы, Исламбек Рахымбек Ерланұлы, Смахан Азамат Кенжебекұлы, Бертымурат Салахиддин Юлдашұлы, Султанбаев Султан Амангелдіұлы, Мақтаулы Берикбайұлы, Мубарак Ермұхамед Асхатұлы, Нұртаза Алдияр Нұрланұлы, Альменов Мейрамбек Канжарбекұлы, Есенұлы Ұлағат, Ғабдылғазиз Берікұлы, Жарылғасын Мұхамметали Керімханұлы, Жантөре Жасұлан Әмірғалиұлы жергілікті жамағаттың көзайымына айналып, қошеметке бөленді. Жарыс нәтижесі бойынша:

 1-ші орынды - Смахан Азамат

2 -ші  орынды -  Амралиев Ержан  

3-ші орынды - Бертымурат Салахиддин иеленді.

4 – 5-орын алғандар арнайы Ақбалық хазрет ұрпақтарының сыйлытарымен және 6-орын Май ауданының арнайы сыйлығымен марапатталды. Өзге қатысушылардың бәріне ақшалай сыйлық берілді.

 

Б. Жағыпар

0 пікір