Ана мен бала денсаулығына арналған кездесу өтті
Ана мен бала денсаулығына арналған кездесу өтті
05.09.2017 09:17
400
0

Қасиетті Құрбан айт мерекесі аясында Павлодар облыстық «Мәшһүр Жүсіп» орталық  мешітінде «Ана мен бала денсаулығы» тақырыбында кездесу өтті. Әйелдер мен қыздар секторының аға ұстазы Қарлығаш Талқанбаева ұйымдастырған кездесуге мешіттегі оқыту курстарының шәкірттері – апайлар мен қыздар, Павлодар қаласының әйелдер мен балаларға арналған консультация орталықтарының мамандары қатысты.

Іс-шара барысында әйелдердің репродуктивті денсаулығына және кішкентай бүлдіршіндердің  денсаулығына арналған баяндамалар оқылды. Дәрігер-педиатр Балжан Жапарова балаларда жиі кездесетін бір қатар ауру түрлері, оларды емдейтін жолдары, бала денсаулығын нығайту тәсілдері  туралы әңгімелеп берді.  

Гинеколог-акушер Лаура Усенова әйел ауруларын алдын алу талаптары жөнінде және салауатты өмір салты ережелері туралы сұхбат жүргізді.

Ұстаз Қарлығаш Қажымәлікқызы әйелдерді Құрбан айт мерекесімен құттықтап, осы қасиетті күндердің және Зул-хиджа айының алғашқы он күнінің ерекшеліктері туралы уағыз-насихат жүргізді.

«Әр отбасының берекесі ана мен баланың денсаулығымен байланысты, бұл ұлтымыздың байлығы, біздің болашағымыз.  Сондықтан бүгінгі кездесуді ана мен баланың денсаулығына арнадық», - дейді ұстаз.

«Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінң баспасөз қызметі

0 пікір