Алматыда Бас мүфти һәм кәсіпқой спорт шеберлері жастарға дәріс оқыды
Алматыда Бас мүфти һәм кәсіпқой спорт шеберлері жастарға дәріс оқыды
24.11.2015 13:07
1266
0

Бүгін Алматы қаласында Орталық мешіт пен «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы,қазақ даласынан шыққан Грек-рим күресінен тұңғыш 1980 жылғы Мәскеу олимпиадасының чемпионы, 1981 жылғы әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, 2000 жылғы «Сидней» олимпиадасының бокстан алтын жүлдегері, «Барыс» орденінің иегері Ермахан Ибраимовжәне2000 жылғы еркін күрестен «Сидней» олимпиадасының күміс жүлдегері және сол жылы «Парасат» орденінің иегері Ислам Байрамуков жастармен жүздесті.

Басқосуға Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек Есмағанбет, қала имамдары, мешіт шәкірттері қатысты. Кездесу қасиетті Құран аяттарымен ашылып, дұға жасалды.

«Жастар иманға бет бұрса, елімізге береке орнайды. Сіздер – болашақ басшысыздар. Бір-бірлеріңізбен дұшпандаспаңыздар. Мұсылмандар – бір-біріне бауыр. Қарапайым болған адам көптеген белестерден өтеді. Ал кішіпейілдік танытпаған адамның ғұмыры баянсыз болады», – деді Бас мүфти. Сонымен қатар қонақтар жастарды радикалды ағымдардың идеологиясынан сақ болуға шақырды.

ҚМДБ төрағасының сөзін жалғаған меймандар, яғни еліміздің мақтанышына айналған спорт шеберлері жастарға ақыл-кеңестерін, өмірден түйген ойларымен бөлісті. Кездесуде терме орындалып, күй шертілді. Басқосу соңында студенттер сұрақтарын қойып, толғандырған сауалдарына жауап алды.

www.muftyat.kz

 
0 пікір