Алғыс айту – асыл қасиет (ФОТО)
Алғыс айту – асыл қасиет (ФОТО)
05.03.2018 14:13
739
0

ҚМДБ-ның Павлодар облысы өкілдігінің «Әйелдер-қыздар» сектор басшысының ұйымдастыруымен  «Алғыс айту – асыл қасиет» тақырыбында мешіт ұстаздары уағыз айтылды. Ұстаз Қарлығаш Қажымәлікқызы: «Бізді жоқтан бар қылған Аллаға әр сәт сайын шүкіршілік етуіміз керек.  Алла Тағала Қасиетті Құранда:  «Егер сендер шүкірлік етер болсаңдар, мен ризықтарыңды одан сайын арттырамын»-деген. Яғни әрдайым шүкірлік ету алар сауабымызды арттыра түспек.Ал сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Сендерге жақсылық жасаған адамға рахмет айтпасаңдар, Алла Тағалаға шүкір еткен болмайсыңдар»,-деген. Ендеше алғыс айту үшін арнайы күнді күтпеңіз. Мүмкіндік болып жатса жақсы сөз айтудан жалтарып қалмаңыз. Бұл – алдымен әдептіліктің белгісі екендігі туралы кеңінен уағыз айтты..

Келесі кезекте «Алғыс айту – асыл қасиет» тақырыбында кураторлық сағат ұйымдастырылды. «Бұл шараның мақсаты айналамыздағы адамдардың әр жақсы ісіне рахмет, ризашылығын білдіруді ұмытпаған абзал. шәкірттердің сыйластық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу»,-дейді ұстаздар.

Уағыз соңында «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің шәкірттерге жыл бойы жүргізілген әртүрлі  мәдени шараларға белсенділік танытып қатысқандары үшін бас иманың атынан алғыс хат берілді.

 

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі

 

0 пікір