АЛҒАН ҚОЛДАН, БЕРГЕН ҚОЛ ҚАЙЫРЛЫ!
АЛҒАН ҚОЛДАН, БЕРГЕН ҚОЛ ҚАЙЫРЛЫ!
12.08.2019 12:14
1544
0

Қасиетті Құран Кәрімде «Жақсылық жасауда өзара жарысыңдар» («Бақара» сүресі, 148-аят),-дейді. Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.ғ.с) «Адамдардың ең қайырлысы ол өзгеге пайдасы тигені» -деген.

Қайырымдылық – адам баласы бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адами қасиеттердің қадірлісі қайырымдылық болса, ал оны жасау қамқорлыққа зәру жандардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске қолынан келгенше көмектесіп, үлесін қосу адамның адаматтық парызы. Әрине, қамқорлық жасау, өзіңде барды өзгемен бөлісу, мұқтаж, көңілі жарым жандарға қол ұшын беру жомарттықтың белгісі және ондай іс тек жомарт жандардың қолынан келері анық. Қашан да алған қолдан, берген қол қайырлы. 

Мойылды аулының Найзабаев Талғат пен жұбайы Найзабаева Құндыз екеуі өздерінің ауыл орталығындағы шағын азық-түлік дүкені арқылы әрбір қасиетті жұма күні қайырымдылық ретінде нанды тегін таратуды әдетке айналдырған. Бұл шараны олар үнемі жалғастыра бермек.

Осы жалған өмірде қандай да бір игілікті, қайырымды істеріміздің сыйы Алла Тағаланың жәннаты екенін жадымыздан шығармай, соған амал етуге жазсын.

 Алла Тағала осындай сауапқа ұмтылуды баршамызға нәсіп етсін! Әмин!

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

0 пікір