Алдағы үш күнде Қазақстанның барлық дерлік аумағында күн ыстық болады
Алдағы үш күнде Қазақстанның барлық дерлік аумағында күн ыстық болады
02.06.2015 09:52
737
0

Қазақстанның барлық аумағында алдағы үш күн бойына күн ыстық болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде елдің батысы мен солтүстігінде күн күркіреп, өтпелі жауын жауғанымен күн барлық дердік аумақта ыстық болады. Елдің шығыс және оңтүстік-шығысына антициклон таралып, онда да ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде.

«Осы кезеңде республиканың барлық дерлік аумағында ауа температурасы нормадан 3-10º жоғары болады деп болжануда», – делінген хабарда.

Синоптиктердің болжамынша осы демалыс күндері республикада ыстық ауа райы қалыптасыпты.

Ауа температурасы ең ыстығы батыста +30+35º, оңтүстікте +38+40º, ол нормадан +3+6º жоғары, батысы мен солтүстік-батыста нормадан +7+10º жоғары болды.

Тек Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы көпжылдық нормадан 2-5º төмен болды.

0 пікір