Әкім имамды құттықтады
Әкім имамды құттықтады
15.04.2019 14:21
325
0

Өткен аптаның қасиетті жұма күні Ақсу қаласының әкімі Балағабай Жұмағұлұлы Ақсу қалалық мешітіне арнайы келіп аталмыш мешіттің бас имамы Омаров Абдімүтәліп  Жұмаділләұлының 60 жасқа толуына орай имамды  Ақсу халқының және мешіт жамағатының атынан құттықтады.

Бас имамның иығына  шапан жауып, арнайы алғыс хатымен мараптаттаған қала әкімі Әбдімүтәліп Жұмаділлаұлы ағамыздың қасиетті дініміздің дамуына сіңірген атай келе, «Сіз Павлодар және Ақсу  өңірінде халықтың рухын Ислам дінімен қуаттандыру, қасиетті дініміздің өсіп-өркендеп, оң өзгерістермен толығуына, әсіресе жастардың имандылық білімін жетілдіруде  мешіттерде қызмет атқарып тұрған  уақыттарыңызда аса мол үлес қостыңыз. Сіздің  қажырлы еңбегіңіз бен дін қызметіне қосқан үлесіңіз үшін  ауданымыздағы бүкіл мұсылмандары атынан алғысымызды білдіреміз.  Сізге және отбасыңызға әрдайым Жаратқанның нұры жауып, шаңырақтарыңыз шаттық пен қуанышқа толсын!»,-деп алғысын білдірді.

Бұл шара біздің облыста мемлекет тарабынан имамдарға көрсетіп жатқан алғашқы әрі үлкен бағалау деп білеміз. «Mazhab.kz» порталы ұжымы да Әбдімүтәліп ағамызға  қазақ халқының мыңдаған жылдар бойы ұстанып келе жатқан дәстүрлі  діні мен тәрбиелік мәні аса жоғары ізгі салт – саналарын болашақ ұрпақтың бойына сіңіруде үлкен табыстарға жете беруін тілеп, мәртебелі 60 жасымен құттықтайды.

 

 

 

0 пікір