АЙНҰР ӘБДІРӘСІЛҚЫЗЫ ПАВЛОДАРДА
АЙНҰР ӘБДІРӘСІЛҚЫЗЫ ПАВЛОДАРДА
05.03.2020 13:33
1117
0

Облыстық орталық  «Мәшһүр Жүсіп»  мешітінде Еуразия Ұлттық университеті Дінтану кафедрасының доценті,   филология ғылымдарының кандидаты,  Құрантанушы,  арабтанушы ғалым, халықаралық дәрежедегі коуч-тренер (ICU) Айнұр Әбдірәсілқызы қалалық мешіттердің әйел жамағатымен кездесу өткізді. Кездесуге облыстық «Нұр-Ана» қоғамдық бірлестігінің мүшелері де келіп қатысты.

 Айнұр Әбдірәсілқызы кездесуге жиналғандарға зайырлы мемлекет қағидаттары мен заңнамаларын, дәстүрлі емес діни ағымдардың залалын, радикалды идеологияның зардаптары мен оларға елітудің салдарларын талдап-түсіндірді. Сонымен қатар бүгінде ақпараттық-түсіндіру бағытында нақты жұмыстары жүргізіліп отырғанын талдап айта келе,  жат ағымның арбауынан сақтану, дәстүрлі дініміздің толық танып түсіну бағытында мол мағлұматтар берді.

 

 

 

0 пікір