Аймақтық имамдар форумының қонағы телебағдарламаға қатысты
Аймақтық имамдар форумының қонағы телебағдарламаға қатысты
06.11.2019 11:22
146
0

Павлодар қаласында ұйымдастырылған «РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ҚОҒАМ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ» атты ІІІ аймақтық имамдар форумына арнайы келген ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев «Ирбис» телеарнасындағы «Айтарым бар» бағдарламасына қатысты.

Тікелей эфирде өрбіген бағдарламада ІІІ аймақтық имамдар форумының мән-маңызы кеңінен түсіндірілді.

Сондай-ақ, ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының Рухани тұғырнамасы, ҚМДБ атқаратын діни рәсімдер тізілімі және ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі секілді маңызды құжаттарды көрерменге түсіндіріп берді.

Бұдан бөлек, бағдарламада дін саласына қатысты өзге де мәселелер талқыланды.

«Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің баспасөз қызметі

0 пікір