Әйелдер секторы ауызашар беріп, қайырымдылық жасады
Әйелдер секторы ауызашар беріп,  қайырымдылық жасады
12.05.2019 16:37
424
0

Павлодар  облысы  «Мәшһүр Жүсіп»  мешітінде «Әйел- қыздар  секторы»  әйел  жамағатына  ауызашар  берді. Мешіт  ұстаздары  Тұрғынбай  Ақерке мен Тілеу  Нұрила жиналған  жамағатка  кең  көлемде  уағыздар айтты,  соңында  қарт әжей  батасын  беріп  тарасты.

 

Сонымен  қатар қасиетті  Рамазан  айының  алғашқы  жұма күні науқасқа  шалдыққан  кішкентай  бүлдіршіннің  еміне  көмек болсын  деген  ниетпен әйел қыздар секторы   ерікті жастармен   бірлесіп  жәрмеңке  ұйымдастырып,  жиналған  қаражат  науқас  балаға арналған   есепшотқа  аударылды.

 

 

0 пікір