«Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі Аққулы ауданында
«Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі Аққулы ауданында
14.10.2019 10:49
389
0

«Мәшһүр Жүсіп» орталық мешіті жанындағы «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі Ақерке Тұрғынбайқызы әр ай сайын аудандық мешіттердің әйелдер жамағатымен кездесу ұйымдастырып тұрады. Мешіт ұстазы бұл жолы Аққулы ауданына барып, аудандық мешітте жамағатпен кездесіп, уағыз айтты.

Кездесуді аудандық мешіттің бас имамы Мақсат Ибраев бастап, жиналған көпшілікке алғысын білдірді. Сондай-ақ аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандары да қатысты.

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ұстазы Ақерке Тұрғынбайқызы жиналғандарға «Алланың нығметіне шүкір ету» тақырыбы бойынша уағыз айтты. Сонымен қатар, әйелдерге байланысты қойылған әр түрлі сұрақтарға жауап берді.

0 пікір