«Әйел-қыздар секторы»:Аққулы ауданында уағыз айтты
«Әйел-қыздар секторы»:Аққулы ауданында уағыз айтты
10.10.2018 14:38
316
0

«Ислам және отбасы» жылына орай   ҚМДБ, Павлодар облысы өкілдігінің «Әйел-қыздар секторының» меңгеушісі Қарлығаш Қажымәлікқызы  Аққулы ауданына ат басын тіреп, аудандық  кітапханада жиналған әйелдер қауымына «Отбасы тыныштығы және бала тәрбиесі» тақырыбында  әңгіме өрбітті. Жиынға ауданның «Әжелер тобы», мектеп ұстаздары, әкімшіліктен жәнеде басқа да мемлекеттік орындар,  ұйым мекемелер, қоғамдық ұйымдар өкілдері және мешіт жамағаты қатысты.

Кездесуде  Қарлығаш Қажымәлікқызы отбасы құндылығы, отбасын сақтау, ажырасудың зардабы,  ажырасудың алдын алу, тастанды  балалардың көбеюі   және бала тәрбиесі, азаматтық некенің жат екендігі туралы, қоғамның негізі отбасы,  ал отбасының берекесі  ер мен әйелдің татулығы, бір-біріне деген қомақорлығы т.б көптеген тақырыптарға жеке-жеке тоқталып ,толыққанды түсіндірді.

Жиын соңыңда қатысушылардың сұрағына жауап берді.

Жиынан сон аудан имамы Мақсат Сансызбайұлы Қарлығаш ұстазға ризашылығын білдіріп алғыс хат табыс етті. Және де ішкі саясат басшысы Ерболат Асқарұлыда келген қонақтарға алғыс айтты. Ал «Әжелер тобының» Сәбира апамыз ақ батасын берді.

 

«Ғабдул Уақит хазірет» мешіті

 

0 пікір