«Әйел-қыздар секторы» мүшелері Екібастұз қаласында (ФОТО)
«Әйел-қыздар секторы»  мүшелері Екібастұз қаласында (ФОТО)
15.05.2018 14:00
393
0

ҚМДБ-ның Павлодар өкілдігінің «Әйел-қыздар секторының» басшысы Қарлығаш Қажымәлікқызы мен мешіт жамағаты, кітапханашы Назым Шәйкенова  аптаның алғашқы күні Екібастұз қаласында болды. Олар  Екібастұз мешітінің  әйел жамағаттарымен кездесу жасап «Ислам және отбасы» жылы аясында  «Отбасы құндылықтары» тақырыбында  уағыз-насихаттар айтты. Сонымен қатар Екібастұз қалалық мешіті «Әйел-қыздар секторының» іс-қызметтерімен танысып, ақыл-кеңестер айтты.

 «Біз Екібастұз мешіті әйел жамағаттары арасында жат ағым зияны туралы уағыз айту, мешіттегі әйел жамағатпен танысып, еркін сұхбаттасу,  алдағы уақыттарда олармен бірлесіп рухани-мәдени бағыттағы әртүрлі қоғамдық шаралар ұйымдастыруды қолға алмақпыз»,-дейді ұстаз Қарлығаш Қажымәлікқызы.

 

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі

0 пікір