Әйел-қыздар секторы әсерлі рухани кеш ұйымдастырды (ФОТО)
Әйел-қыздар секторы әсерлі рухани кеш ұйымдастырды (ФОТО)
04.12.2019 11:56
257
0

«Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің әйел-қыздар секторы Мәуліт мерекесіне орай мәнді де мазмұнды рухани кеш ұйымдастырды.

Оның ашыуына Павлодар облысының бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы қатысып, жиналған көпшілікке уағыз айтты.

Бұл күні «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің сауат ашу курсының шәкірттері Құран оқып, салауаттар айтты. Діни өлеңдер шырқалып, көпшілік қобыз үніне құлақ түрді. «Ана жүрегі» және «Омардың (р.а.) мұсылман болуы» тақырыбында сахналық қойылым ұсынылды.

Осынау шараға орай облыс көлемінде бейнеролик түсіруден және Пайғамбарымызға арналған сағыныш хат жазудан байқау ұйымдастырылған болатын. Шара барысында осы байқаулардың нәтижесі жарияланды. «Сүннет жолы – үммет жолы» атты бейнеролик түсіру байқауының нәтижесі сол күні шығарылып, Ақерке Тұрғынбай, Нұрила Тілеу, Жадыра Бердімұрат, Баян Балтабаева бастаған мешіт ұстаздары үздіктерді анықтады.

Алғашқы үш орынға ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Сонымен, қазылар алқасының шешімімен «Фирдаус» тобы бірінші орынды иеленді. Екінші орын «Баракат» тобына бұйырса, үшінші орынды «Хидаят» тобы еншіледі.

Бұл күні жиналған жамағатқа дастархан жайылды. Келушілер арасында түрлі ойындар ұйымдастырылып, белсенділік танытқандарға сыйлықтар үлестірілді. Үлкендер жағы батасын беріп, шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.   

«Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

0 пікір