ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР ЖҮРГІЗІЛДІ
ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР ЖҮРГІЗІЛДІ
12.01.2020 16:54
354
0

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінде  әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен  әйел жамағатына  «Мазһаб- Пайғамбар(с.ғ.с)-ымызға апаратын жол» тақырыбында шәкіртерді жат ағымнан сақтандыру, өз сенімдерін қорғай алу мақсатында семинар өтті.

Семинарды Мәшһүр Жүсіп мешітінің наиб имамы Елбек Тасболатұлы  өткізді. Мәзһаб жайлы кең түсініктеме беріп, Әбу Ханифаның  Пайғамбар(с.ғ.с)-ымызға  тікелей шәкірті болу тізбегін, мазһаб діннің жолы екендігін және мазһабсыздық адамды қалай адастыратынын түсіндіріп, шәкірттерге мазһабқа қатысты ең маңызды қажетті білімді жеткізді.

Келесіде біздің ұстанатын мәзһабымыздың имамы Әбу Ханифа жайлы видеоролик көрсетілді. Соңында айлық Құран хатым оқылып дұғасы жасалды.

 

0 пікір