Әйел жамағаты Мәулітті қарсы алды
Әйел жамағаты Мәулітті қарсы алды
02.12.2018 14:49
436
0

Екібастұз қалалық мешітінің әйелдер жамағаты ұстаз Шадиева Зәуренің бастауымен Мәулітті мерекеледі. Бірнеше түрлі сайыстар өткізілді. Мұнда:

«Кім Мухаммед(с.ғ.с) пайғамбарымызға ең көп салауаттар айтады?», «Кім салауаттардың ең көп түрлерін жатқа айта алады?» және экранда көрсетілген сұрақтарға жауап беру қатарлы көрсеткіштер болды.Сонымен қатар сайысқа қатысқан әр адам жатқа ерекше салауат айтуы, алдын ала дайындап әкелген, Пайғамбар (с.ғ.с)-дың Мәулітіне қатысты қол өнер туындысын ала келген болуы қажет.

Әйелдер қауымы салауаттар айтып қуанып, Пайғамбарға деген сағыныштарын білдіретін мәуліт әндерін айтып жылап та алды.

Кеш соңында үйлерінен пісіріп әкелген тәтті тағамдарын ортаға қойып, шәй ішіп тарқады.

Ельтинов Қайрат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0 пікір