АҒА БУЫНҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
АҒА БУЫНҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
01.10.2021 17:24
477
0

«Қазан айының алғашқы мерекелерінің бірі ол біздің үлкен аталарымызбен апаларымыздың мерекесі. Ортамызда жүрген жасы үлкен ата-апаларымыздың  бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады.

Еліміздің  өсіп-өркендеуіне,  бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы.

Саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға ұрпақты құрметтеу біздің міндетіміз»,-деді Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы «Мәшһүр Жүсіп» мешіті ұжымындағы аға буын қызметшілерді қабылдап құрмет көрсеткен дастархан басында. Аға-апаларға «Құттықтау хат»-пен қоса лайықты сыйлықтар жасады.

Сонымен қатар «Әйел-қыздар секторының» ұйымдастыруымен ұстаз Қ.Қажымәлікқызы, З.Шадиева, А.Тұрғанбайлар «Мәшһүр Жүсіп» мешіті, Екібастұз қалалық мешітінің діни сауат ашу курсынде тұрақты оқитын  шәкірт апаларға да осындай құрмет  көрсетіп, әрқайсысына естелік сый-сияпаттар жасады.

Үлкендер өз кезегінде дін қызметкерлерінің тосын сыйына ризашылығын білдіріп, ақ баталарын берді

 

 

 

0 пікір