«Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің жаңалықтары
«Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің жаңалықтары
15.01.2019 16:32
1223
0

Қайрымдылық жасалды

         Павлодар облысы өкілдігінің  Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен 2019 жылдың қаңтар айының 5-і күні мұқтаж болған 10 отбасына азық-түлікпен көмек көрсетілді.

Жамағатқа ауызашар берілді

2019 жылдың қаңтар айының 7-сі күні Павлодар қалалық «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің ұйымдастыруымен Пайғамбар (с.ғ.с) сүннетімен дүйсенбі күні ораза ұстаған жамағатқа ауызашар берілді. Аталған іс-шараға  өкіл имам  Жолдас  Қоспақұлы қатысып, жиналған жамағатқа «Иса (а.с) пайғамбардың мұғжизалары» атты тақырыпта уағыз айтты.

 

 

 

0 пікір