«Әбу Бәкір Сыддық» медресесіне шәкірттер қабылданды
«Әбу Бәкір Сыддық» медресесіне шәкірттер қабылданды
06.09.2017 14:06
1858
0

Павлодарлық «Әбу Бәкір Сыддық» медресесіне 2017-2018 жаңа оқу жылына қабылдау емтиханы жүргізілді.

Емтихан алу жұмысына ҚМДБ-ның діни оқу ағарту бөлімінің меңгерушісі  меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев, ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Нариман Исенов,  «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінің директоры Серікбол Аршабаев және медресе ұстаздары қатысты. Биылғы жылы емтихан тест және арнайы шығармашылық пән негізінде алынды.

Емтиханға жалпы 27 үміткер,  соның ішінде Павлодар облысынан – 11 шәкірт және де Батысқазақстан, Қарағанды, Қызылорда, т.б.  облыстардан қатысты. Емтихан қорытындысы бойынша 23- шәкірт медресеге оқуға қабылданды.

«Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің баспасөз қызметі

0 пікір