«ӘБУ БӘКІР СЫДДЫҚ» МЕДРЕСЕСІНЕ ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
«ӘБУ БӘКІР СЫДДЫҚ» МЕДРЕСЕСІНЕ ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
12.03.2019 23:58
656
0

Жас өрендерді  қасиетті дінімізбен сусындату, оларды имандылық тәрбиеге баулу ордасы болған Павлодар қаласындағы  «Әбу Бәкір Сыддық» медресесіне ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай Ораздың бұйрығымен  Серікбай Ислам Бейбітұлы директор болып тағайындалды.   Павлодар облысының өкіл имамы Бертымұратов Жолдас бүгін Ислам Бейбітұлын жаңа ұжымына, ондағы ұстаздар мен шәкірттерге таныстырды.

Ислам Бейбітұлы1993 жылы туған, 2016 жылы Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтының  филология және тарих факультетін,  2018 жылы Инновациялық Еуразия университетін филология магистрі бойынша тәмамдаған. 2016 жылдан Павлодар қаласындағы Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі болған.. Отбасылы.

***

Биылғы 2018-2019 оқу жылында аталмыш медреседе жалпы 11 ұстаз дәріс беруде, олардың 3-і ғылым магистрі, 8 ұстаз-бакалавр. Медресеге жалпы орта білімі бар ер балалар қабылданады.

 Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай. Шәкірттер тамақ және жатақханамен қамтамасыз етілген. Медреседе тек Павлодар облысы емес, Ақмола, Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Семей, Өскемен, Қарағанды, Батыс Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Қызылорда облысынан келіп білім алып жатқан шәкірттер бар. Сонымен қатар Ресейдің Омбы облысындағы қандастарымыздың  бірнеше баласы білім алып, оқу бітірді.

 Осы оқу жылында:

  1-курсте-13шәкірт,

2-курсте-10 шәкірт,

3-курсте-14 шәкірт, барлығы 37 шәкірт білім алуда.

   Оқуды тамамдаған түлектерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріліп, қызметпен қамтамасыз етіледі.

   Білімді де білікті және салауатты маман болып қалыптасуына барлық жағдайлар жасау біздің басты мақсатымыз. Медресенің оқу ғимараты лекциялық аудиториялар, кітапхана, интернет желісіне қосылған компьютер залы, жатақхана, мешіт,  спорт алаңы, асхана, және басқа да материалдық базасымен толық қамтамасыз ету үшін жұмыс атқарудамыз. 

         Оқу орынның ашылғанына 10 жылдан асты. Бітіріп шыққан түлектер дін қызметіне, Исламтану мамандығы бойынша жоғары оқу орындарын жалғастырып жатыр.

Алдағы уақытта ел сенімін ақтау үшін медресеміз  білікті де білімді дін мамандарын даярлауда «Медресе-колледж» статусын алу мақсатын алға қойып отыр.

 

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

0 пікір