«ӘБУ БӘКІР СЫДДЫҚ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНІҢ СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ (ВИДЕО)
«ӘБУ БӘКІР СЫДДЫҚ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНІҢ  СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ (ВИДЕО)
12.02.2021 23:47
428
0

Қасиетті жұма күні Павлодар қаласы, Павлодарский аулыныда орналасқан «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжіне арналып жаңадан салынған спорт кешенінің ашылу рәсімі болды. Шараға олыстың бас имамы Жолдас Қоспақұы, облыс дін  істері  басқармасының басшысы Дәулет Қоқанұы,  Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманисламұлы және аталмыш спорт кешенін тұрғызған құрылыс коммпаниясының жауапты адамдары, қала мешітінің имамдары,  медресе шәкірттері  қатысты.  

«Әбу Бәкір Сыддық» медресесі 2020 жылдың 9 қазанында медресе-колледж мәртебесін алған еді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медресенің  өзінің спорт кешені болуы қажет болды. Осыған орай  жан-жақты ізденіс пен ұйымдастыруының нәтижесінде 2019 жылдың тамызында «KSP STEEL» ЖШС-нің  қолдауымен спорт кешенінің құрылысы басталып,  2021 жылы қаңтарда аяқталып,  кешен ғимараты медресе балансына берілгені туралы бас имам Жолдас Қоспақұлы қысқаша таныстырып, демеушілер мен атқарушыларға зор алғысын білдіріп, сый-сияпаттарын ұсынды.

Келесі кезекте Павлодар қаласының әкімі  Ержан Иманисламұлы  және  құрылыс  демеушілерінің бірі  Эдуард Львовичтер нысанның ашылуына арналаған рәміздік лентаны қиды.

 Соңында қала басшылары  спорт кешені және медресе-колледж  ғимаратын аралап  танысты. Шараны өңірлік БАҚ өкілдері де насихаттады.

 

 

 

 

0 пікір