«ӘБУ БӘКІР СЫДДЫҚ» МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІ ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ
«ӘБУ БӘКІР СЫДДЫҚ» МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІ ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ
10.08.2020 12:06
10588
0

Әбу Бәкір Сыддық медресесі  0112000 - Исламтану, біліктілігі: 0112013-имам хатиб, мамандарын даярлайтын оқу орны.

Кәсіби білім аясында білім беру қызметін жүргізу құқығы бойынша ҚРБілім және ғылым министрлігі берген № 14005314 мемлекеттік лицензиясы.  

Медресеге жалпы орта білімі бар ер балалар қабылданады. Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай. Студенттер тамақ және жатақханамен қамтамасыз етіледі.

Медреседе жоғары білімді исламтанушы, дінтанушы мамандар дәріс береді. Олардың ішінде араб елінен шақырылған арнайы ұcтаз да бар.

Оқуды тамамдаған түлектерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріліп, қызметпен қамтамасыз етіледі.

Білімді де білікті және салауатты маман болып қалыптасуына барлық жағдайлар жасалған. Медресенің оқу ғимараты лекциялық аудиториялар, кітапхана, интернет желісіне қосылған компьютер залы, жатақхана, мешіт,  спорт алаңы, асхана, және басқа да материалдық базасымен толық қамтамасыз етілген. 

Исламтану мамандығына түсуші талапкерлерден құжаттар  қабылданып,  Қазақстан тарихы мен қазақ тілінен кешенді тестілеу өткізіліп оқуға қабылданады.

 

0 пікір